Теннис
16 қыркүйек 2019 14:10

Олимпиада чемпионын ұтқан Зарина Дияс Осакадағы турнирдің екінші айналымына шықты

© SportX.kz
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан  WTA сериясындағы турнирдің екінші айналымына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Бірінші айналымда Дияс әлемнің 64-ші ракеткасы пуэрто-риколық Моника Пуигпен кездесу өткізді. 59 минут өткен матч 6:0, 6:3 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды. Ал жекелей ойындарда 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы пайдасына шешілді - 2-1. 

Келесі айналымда Дияс америкалық Мэдисон Киз және ресйлік Дарья Касаткина жұбының жеңімпазымен ойнайды.