Новак Джокович "Уимблдон" турнирінің жартылай финалында

Новак Джокович "Уимблдон" турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Новак Джокович "Уимблдон" турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Сербиялық теннисші жарыстың ширек финалында италиялық Янник Синнерді 5:7, 2:6, 6:3, 6:2, 6:2 есебімен жеңді. Ойын 3 сағат 35 минутқа созылды.
Матч барысында Джокович сегіз эйс, алты брэйк-пойнт жасады.
Енді ол финалға берілетін жолдаманы ұлыбританиялық Кэмерон Норримен сарапқа салады.
"Үлкен Дулыға" турнирін 20 рет жеңген Новак Тұманды Альбиондағы дәстүрлі "Уимблдон" турнирінің кубогін 6 рет иеленген. Ол соңғы рет өткен жылы финалда италиялық Маттео Берретиниден басым түсті еді.
Жарнама