Сербиялық теннисші Италияда өтіп жатқан ATP турнирінің жартылай финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Маусымның қорытынды жарысында ол ресейлік Андрей Рублевтен басым түсті. Екі сеттің нәтижесі бойынша Джокович 6:3, 6:2 есебін тіркеді.
Енді серб спортшысы келесі айналымда британиялық Кэмерон Норримен кездеседі.