Теннис
21 қараша 2022 23:39

Новак Джокович алтыншы рет ATP қорытынды турнирінің чемпионы атанды

©АТР

Әлемнің 8-ракеткасы, сербиялық Новак Джокович алтыншы рет ATP қорытынды турнирінің чемпионы атанды.

Италияның Турин қаласындағы "Пала Альпитур" стадионының орталық кортында өткен финалдық матчта Джокович әлемнің 4-ракеткасы, норвегиялық Каспер Руудты 7:5, 6:3 есебімен ұтты.

Осылайша, қорытынды турнирде алтыншы рет үздік шыққан Новак титул жөнінен рекордшы, швейцариялық Роджер Федерермен теңесті. Сонымен қатар 35 жастағы Джокович чемпион атанған ең жасы үлкен теннисші атанды. Бұл жөнінен де Федерердің рекордын жаңартты.

Туриндегі жеңісі үшін сербиялық теннисші 1500 рейтингілік ұпайға қол жеткізіп, 4 млн астам АҚШ доллары көлемінде табыс табады. Осы титулы арқасында әлемдік рейтингте бесінші сатыға көтеріледі.

Новак Джоковичтің биыл Astana Open ATP 500 жарысында үздік шыққаны белгілі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның қазақстандықтардың қолдауын сезінетіні туралы айтқанын жазған болатынбыз.

Елена Рыбакина сондай-ақ әлемнің "Жыл ойыншысы" атағына үміткер атанды.

Қазақстандық жас теннисші Испаниядағы турнирдің абсолют чемпионы атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport