Назарбаев Қазақстанның теннистен ерлер құрамасына құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қазақстанның теннистен ерлер құрамасын Дэвис Кубогінің қазіргі чемпионымен ойында жеңіске жетуімен және осы үздік турнирдің әлемдік тобына өтуімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Сіздердің мықты қарсыласпен бәсекеде табандылықпен жеткен жарқын жеңістеріңіз еліміздің спорт жылнамасындағы айтулы жетістік болып отыр. Қайсарлық пен қайрат-жігерлеріңіздің арқасында Қазақстан теннис мектебінің жоғары деңгейде екенін тағы да бір таныттыңыздар", - делінген жеделхатта.
Соңында Елбасы құрама мүшелеріне зор денсаулық тілеп, спорттың жаңа белестерінде табысқа жетулеріне ниеттестік білдірді.
Жарнама