"Менің жолым болды". Елена Рыбакина не үшін Қазақстанды таңдағанын айтып берді
Биылғы Уимблдон турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакина не үшін Қазақстан атынан өнер көрсету туралы шешім қабылдағанын айтып берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Биылғы Уимблдон турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакина не үшін Қазақстан атынан өнер көрсету туралы шешім қабылдағанын айтып берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
23 жастағы теннисші 2018 жылы Қазақстан азаматтығын алып, сол уақыттан бері біздіз елдің намысын қорғап келеді.
"Ол кезде, яғни шамамен осыдан бес жыл бұрын "ары қарай не істеймін" деген сауал болды. Жасым 17-18 шамасында. Шешім қабылдау керек болдым. Жасөспірімдер арасында жақсы нәтиже көрсеттім. Сол кезде маған Америкадан жақсы ұсыныстар түсті. Сол елдің университеттерінен. Әрине, көптеген жас теннисшілер сол жақты таңдап кетіп жатты. Кейін ересектер арасындағы бірінші турнирімді сәтті өткіздім. Содан соң Қазақстаннан ұсыныс түсті. Осы сәтте менің жолым болды деп айта аламын. Біз бір-бірімізді жақсы таптық. Қазақстан маған жақсы қолдау көрсетті. Осы үшін мен Қазақстанды таңдадым", - деді Рыбакина баспасөз жиыны кезінде.
Жарнама