Қазақстанның ең мықты теннисшісі Елена Рыбакина Гвадалахарада (Мексика) өтіп жатқан WTA турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекелей сынның бірінші айналымында ол әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Каролина Плишкованы ұтты. Чехиялық теннисші қазіргі таңда WTA рейтингінде 20-орында. Рыбакина 7:6 (7:5), 6:2 есебімен жеңіске жетті.
20 қазандағы келесі айналымда Рыбакина әлемнің бесінші ракеткасы америкалық Джессика Пегуламен ойнайды.