Құламбаева карьерасында алғаш рет WTA турнирінің фипналына бір қадам қалды

©KTF

Жібек Құламбаева жұптық сында Италияның Бари қаласында өтіп жатқан WTA 125 санатындағы Челенджер сериясының жартылай финалына жетті

Қазақстандық теннисші португалиялық Франчиска Хорхемен бірге ширек финалда аргентиналық Надя Подороска – румыниялық Ирина Барэні 7:5, 6:3 есебімен ұтты. 

Енді Құламбаева мен Хорхе дуэті финалға шығу үшін жарыстың 1-ракеткалары, қазақстандық Анна Данилина – ресейлік Ирина Хромачёва немесе франциялық Эстелль Кашино – грузиялық Натела Дзаламидзе жұптарының қай жеңгенімен ойнайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: