Теннис
28 шілде 2022 15:31

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Варшава турнирінің ширек финалында

© ҚТФ

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Анна Данилина Варшава WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қазақстандық теннисші германиялық Анна-Лена Фридзаммен бірге бұл турнирдің 4-ші ракеткалары болып тіркелген еді.

Спортшылар бастапқы кездесуін нидерландылық Арианне Хартоно – аустралиялық Оливия Тьяндрамулиямен өткізді. Қазақстандық-германиялық жұп бірінші партияда 6:3 есебімен басым түсті. Екінші сетте нидерландылық-аустралиялық дуэт есе қайырды – 6:1. Супер тай-брейкте Данилина мен Фридзам жеңісті жұлып алды – 10:6.

Бір сағат 17 минутқа созылған матч барысында қазақстандық-германиялық жұп 1 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Қарсыластары 4 брейкпен көзге түсті. Данилина мен Фридзам жартылай финалға шығу үшін румыниялықтар Александра Игнатик – Габриэла Лимен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport