Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Францияның ашық біріншілігінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Ролан Гаррос" жарысының ширек финалында қазақстандық теннисші жұптық сындағы серіктесі ресейлік Анастасия Павлюченковамен ойнады.
Бірінші партияда Рыбакина 4:1 есебімен алда келе жатып, басымдығынан айырылып қалды, осыдан кейін тай-брейк арқасында ұтты (7:6).
Екінші сетте қазақстандық теннисші 2:6 есебімен есе жіберді. Шешуші партияда Елена 0:2 есебімен ұтылып жатқан жерінен екі брейк жасап алға шығып еді. Алайда Павлюченкова кері брейк жасап, 9:7 есебімен жеңді.
Айта кетейік, осының алдындағы матчте Рыбакина атақты Серена Ульямсты ұтқан еді.