Қазақстанның бірінші ракеткасының финалдағы қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Australian Open-2023 финалындағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Australian Open-2023 финалындағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның қарсыласы әлемнің бесінші ракеткасы - Беларусь теннисшісі Арина Соболенко. Ол жартылай финалда Польша спортшысы Магда Линетті 7:6 (7:1), 6:2 ұтты.
Әлемдік рейтингіде 25-орында тұрған Рыбакина жартылай финалда тағы бір Беларусь теннисшісі Виктория Азаренконы ұтвп, финалға өтті және топ-10 теннисшінің қатарына енді. Ол бұл турнирдің финалына жолдама алған алғашқы қазақстандық болды.
Рыбакина мен Соболенко арасындағы финалдық матч 28 қаңтарда, Астана уақыты бойынша сағат 14:30-да басталады.
Жарнама