Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина әлемде эйс жасаудан көш бастап келеді, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Биыл Елена 31 матчта 168 эйске қол жеткізді. Бұл – үздік көрсеткіш. Ресейлік Екатерина Александрова екінші орында. Ол 33 ойында 160 эйс жасап үлгерді. Грекиялық Мария Саккари (38 бәсеке, 151 эйс) үздік үштікті түйіндеп тұр.
Сонымен қатар, қазақстандық спортшы Уимблдон турнирінің алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 157-орында тұрған америкалық Коко Вандевегеге қарсы өткізіп, жеңіске жетіп, екінші айналымға шықты.
Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемде сегізінші орында тұр. Оның еншісінде 386 эйс (31 матч) бар.