Теннис
20 сәуір 2022 15:33
 

Қазақстанның бірінші ракеткасы Штутгарт турнирін сәтті бастады

  Пікірлер

blog.share

Қазақстанның бірінші ракеткасы Штутгарт турнирін сәтті бастады ©vseprosport

Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Елена Рыбакина Штутгарттағы (Германия) WTA 500 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

blog.share

Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Елена Рыбакина Штутгарттағы (Германия) WTA 500 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 224-орында тұрған, жарысқа арнайы шақырту алған германиялық Настасья-Мариана Шункпен шеберлік байқасты. Қарсыластар бұған дейін кездеспеген еді. Өткен аптада елордада Қазақстан – Германия матчында Лаура Зигемунд пен Анжелика Керберді ұтқан Еленаға бұл жолы да олардың отандасы тап келді. Бірінші партияда 19 жастағы неміс спортшысы 4:2 есебімен алға шыққанымен, қазақстандық теннисші таразы басын теңестірді. Тай-брейкте Рыбакина басымдық танытты – 7:6 (7:3). Екінші сетті Елена брейкпен бастады – 2:0. Алайда матчқа доп бергенде, Шунк брейк жасап кетті – 5:5. Дегенмен Рыбакина сол бойда қайтадан брейкке қол жеткізді – 6:5. Содан кейін мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ – 7:5.

Екі сағаттан астам уақытқа созылған тартысты бәсекеде қазақстандық теннисші 3 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Қарсыласы 3 эйс, 2 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті. Рыбакина жүлде қоры 703 580 АҚШ долларына бағаланған доданың ширек финалына шығу үшін әлемнің 3-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен таласады.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!