Әлемнің 16-шы ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина Франция астанасына Париж қаласында өтіп жатқан "Ролан Гаррос" турнирінің алғашқы айналымында голландиялық қарсыласы, WTA рейтингінде 78-ші орында тұрған Аранчи Русты 6:1, 5:7, 6:2 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
2 сағат 20 минутқа созылған матчта Рыбакина үш эйс жасап, жеті брэйк-пойнт орындай алды. Бұл ек спортшы арасындағы екінші кездесу. Осыған дейінгі кездесуде Рыбакина есе жіберген еді.
Франция Ашық чемпионатының екінші айналымында қазақстандық теннисші америкалық Кэти Волынецке қарсы ойнайды.