Қазақстанның бірінші ракеткасы Australian Open финалына шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Мельбурнде өтіп жатқан Australian Open-2023 жарысының финалына шықты. Отандасымыз жартылай финалда беларусь спортшысы Виктория Азаренкодан басым түсті.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Мельбурнде өтіп жатқан Australian Open-2023 жарысының финалына шықты. Отандасымыз жартылай финалда беларусь спортшысы Виктория Азаренкодан басым түсті.
1 сағат 42 минутқа созылған ойында Елена 7:6 және 6:3 есебімен екі сетте-ақ жеңіске жетті. Осылайша, "Үлкен дулыға" санатындағы жарыста топ жаруға бір табан жақындай түсті.
Елена Рыбакина – Australian Open жарысының финалына шыққан алғашқы қазақстандық теннисші. Бұған дейін ол "Үлкен дулыға" санатына енетін "Уимблдон" жарысында топ жарған.
Жарнама