Қазақстанның бірінші ракеткасы Australian Open-2023 турнирін жеңістен бастады

Бүгін, 16 қаңтар Мельбурнде теннистен Аустралияның ашық чемпионаты (Australian Open-2023) басталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бүгін, 16 қаңтар Мельбурнде теннистен Аустралияның ашық чемпионаты (Australian Open-2023) басталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық теннисшілерден кортқа бірінші Елена Рыбакина шықты. Оның қарсыласы әлемдік рейтингте 67-орында тұрған италиялық Элизабетта Коччаретто болды.
Қазақстанның бірінші ракеткасы бұл матчте 7:5, 6:3 есебімен басым түсті. Кездесу 1 сағат 21 минутқа жалғасты.
Келесі айналымда Рыбакина Кайя Юван (Словения) - Селена Яничевич (Франция) жұбының жеңімпазымен кездседі.
Жарнама