Әйелдер теннис ассоциациясы (WTA) жаңартылған тізімін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қазақстанның нөмірі бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен теннисші Юлия Путинцева бұрынғы орындарын сақтап қалды. Рыбакина 16-шы, Путинцева 37-орында.
Ал Зарина Дияс үш сатыға жоғарылап, 128-орынға жайғасты. Анна Данилина да үш орынға көтеріліп, 340-шы болса, Жібек Құламбаева керісінше үш саты төмендеп, үздік 500-дік қатарынан шығып қалды.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстан теннисінің көшбасшысы Елена Рыбакина бүгін "Ролан Гаррос 2022" турниріндегі жарыс жолына шығады.