Теннис
13 тамыз 2019 09:37
 
Қазақстандық Юлия Путинцева "Ролан Гаррос" жеңімпазын ұтты

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық Юлия Путинцева "Ролан Гаррос" жеңімпазын ұтты Юлия Путинцева. Сурет: Reuters©

Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева америкалық Цинциннатиде өтіп жатқан WTA Premier сериясындағы турнирде латвиялық Елена Остапенконы жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Үш сеттің қорытындысы бойынша матч 2;6, 7:6, 6:3 есебімен аяқталды. Теннисшілер кортта екі сағат, 25 минут күш сынасты.

WTA рейтингінде Путинцева 42-орында келеді. Ал 2017 жылы "Ролан Гарросты" жеңіп алған 22 жастағы Остапенко қазір 75-орында тұр. Өзара кездесулер бойынша қазақстандық теннисші 2:1 есебімен алда.

Енді Цинциннатидегі турнирдің екінші айналымында Путинцева 2017 жылы US Open-ді жеңіп алған америкалық Слоан Стивенспен кездеседі. Стивенс қазір WTA рейтингінде сегізінші орында келеді.

Жарнама

Живи спортом!