Қазақстандық теннисшілер Мысырдағы турнирдің жартылай финалында
Қазақстандықтар Аружан Сағандықова мен Жанель Рүстемова Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласында өтіп жатқан ITF World Tennis Tour W15 турнирінің жартылай финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі ҚТФ ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық жұп ширек финалда ресейлік Елизавета Машна мен Елизавета Морозова дуэтін тізе бүктірді.
Бірінші партияда ресейліктер 6:3 есебімен басым түсті. Екінші сетте де олар 4:1 есебімен алда тұрды. Міне, осы сәтте Жанель мен Аружан ойын тізгінін өз қолдарына ала білді. Олар қатарынан бес геймді өз есептеріне жазды – 6:4. Содан кейін супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:6.
Жекелей сында Жанель Рүстемова франциялық Наеа Берекоэчеяға жол берді – 1:6, 7:6 (7:3), 2:6. Дүниежүзілік рейтингте 832-орында тұрған франциялық теннисші Рүстемованы жеңу үшін 3 сағатқа жуық уақытын жұмсады.
Жарнама