Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова америкалық Ваня Кингпен бірге Уимблдон турнирі аясында өтетін Ladies lnvitational Doubles жарысына қатысады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Аталмыш додада өз спорттық жолын аяқтаған ойыншылар өнер көрсетеді. "Мен өте қуаныштымын. Ұлыбританияда Ванямен кездесуді асыға күтемін. Енді лайықты өнер көрсету үшін мықтап жаттығу керек", - деді Шведова.
2010 жылы Ярослава мен Ваня "Үлкен дулыға" турнирінің бірі, бай тарихы бар Уимблдон жарысында жеңімпаз атанған еді. Финалда олар ресейліктер Елена Веснина - Вера Звонареваны ұтқан болатын - 7:6, 6:2.