Қазақстандық теннисші WTA қорытынды турнирінде кіммен жұпта ойнайтыны белгілі
Қазақстандық теннисші Анна Данилина қатысатын WTA қорытынды турнирінің жеребесі тартылды, деп жазады Vesti.kz тілшісі ҚТФ ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші Анна Данилина қатысатын WTA қорытынды турнирінің жеребесі тартылды, деп жазады Vesti.kz тілшісі ҚТФ ресми сайтына сілтеме жасап.
Аталмыш дода 31 қазан - 7 қараша аралығында АҚШ-тың Форт-Уорт қаласында өтеді. Анна бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге жұптық сында өнер көрсетеді.
Жарыста сегіз жұп екі топқа бөлінді.
Роза Казалс тобы:
Барбора Крейчикова - Катерина Синякова,
Джессика Пегула - Коко Гауфф (АҚШ),
Сю Ифань - Ян Чжаосюань (Қытай),
Деми Шуурс (Нидерланд) - Дезире Кравчик (АҚШ).
Пэм Шрайвер тобы:
Габриэла Дабровски (Канада) - Джулиана Ольмос (Мексика),
Элизе Мертенс (Бельгия) - Вероника Кудерметова (Ресей),
Людмила Киченок (Украина) - Елена Остапенко (Латвия),
Анна Данилина (Қазақстан) - Беатрис Хаддад Майя (Бразилия).
Қазіргі кезде әлемдік рейтингіде жұптық сында 12-орында тұрған Данилина - Қазақстан тарихында Ярослава Шведовадан кейін WTA қорытынды турниріне жолдама алған екінші теннисші.
Жарнама