Қазақстандық теннисші US Open турнирінің екінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші Александр Бублик АҚШ-тағы Ашық чемпионатың жекелей сынында екінші айналымға шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық теннисші Александр Бублик АҚШ-тағы Ашық чемпионатың жекелей сынында екінші айналымға шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бірінші айналымда ол әлемдік рейтингте 134-ші келе жатқан германиялық Янник Ханфманнды ұтты, есеп 3:1 (6:0, 4:6, 6:2, 6:1).
Матч 1 сағат 53 минутқа созылды. Бублик 18 эйс жасап, он қосарлы қателік жіберді. Ханфманн алты эйс жасап, үш қосарлы қателікке жол берді.
2 қыркүйектегі екінші айналымда Александр америкалық Джек Сокамен ойнайды.
Жарнама