Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан ATP Masters 1000 турнирінің екінші кезеңіне шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Турнирдің бірінші айналымында отандасымыз әлемнің 42-нөмірлі теннисшісі нидерландылық Ботик Ван де Заншульпті 6:4, 6:4 есебімен ұтты.
Кездесу 1 сағат 51 минут болды. Ойын барысында АТР рейтингінде 159-орында тұрған Кукшкин бірде-бір эйс жасамады. Қазақстандық теннисшіде 4 брейк істейтін мүмкіндігі болып, екеуін сәтті іске асырды.
Енді келесі айналымда, 26 наурыз күні Кукушкин әлемнің 13-нөмірлі теннисшісі америкалық Тэйлор Фрицпен кездеседі.