Теннис
24 қараша 2022 18:36

Қазақстандық теннисші Жапониядағы турнирдің ширек финалына шыға алмады

©ҚТФ

Қазақстандық Бейбіт Жукаев Жапонияда Йоккаити челленджер турнирінің ширек финалына шыға алмады. Бұл туралы ҚТФ ресми сайты хабарлады.

Жукаев екінші айналымда әлемнің 173, осы жарыстың 3-ракеткасы жапониялық Юсуке Ватанукимен шеберлік байқасты.

Бәсеке 0:6, 1:4 есебімен аяқталды. Екінші сетте алтыншы геймде аздап жарақат алған Бейбіт матчты жалғастыра алмады.

Ақтау теннис мектебінің түлегі, 22 жастағы Жукаев биыл өте табысты өнер көрсетті. Жылдың басында 728 орынмен бастаған Бейбіт Жукаев қазіргі кезде АТР live рейтингісінде 311-сатыда тұр.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport