Қазақстандық теннисші Анна Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен жұптасып, Australian Open-2022 чемпионатының финалында ұтылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Анна Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге финалда әлемнің жұптық сындағы бірінші ракеткалары, чехиялықтар Барбора Крейчикова - Катерина Синяковамен шеберлік байқасты. Қазақстан мен Бразилия жұбы үш сетте де есе жіберді - 7:6 (7:3), 4:6, 4:6. Нағыз финалға тән тартысты бәсеке 2 сағат 42 минутқа созылды.
Сәтсіздікке қарамастан, Данилина Australian Open-2022 чемпионатында өнер көрсеткен уақытта жұптық разрядтың әлемдік рейтингінде жоғарылап, Елена Рыбакинадан озып, Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды.