Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Индиан Уэллсте өтіп жатқан ATP Masters 1000 турнирінің ширек финалында жеңіске жете алмады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Голубев пен германиялық Александр Зверев жұбы 1 сағат 1 минутқа жалғасқан кездесуде үш эйс жасап, үш мәрте қос қателікке жол беріп, мүмкін болған үш брейкпойнттың үшеуін де іске асыра алмады.
Джон Изнер / Джек Сок (АҚШ) — Андрей Голубев / Александр Зверев (Қазақстан / Германия) — 2:0 (6:3, 6:2)
Осылайша, Голубев пен Зверев жұбы доданың жартылай финалынан жарыс жолынан шығып қалды.