Қазақстан құрамасының теннисшісі Дмитрий Попко АҚШ-тың Таллахасси қаласында өтіп жатқан ірі турнирдің алғашқы матчында жеңіске жетті.
Бірінші кездесуде қазақстандық спортшының қарсыласы Даниэль да Сильва болды.
Екі сетке созылған ойында Попко 7:6, 6:4 есебімен басым түсті.
Келесі кезеңде Дмитрий Попко Люксембург өкілі Крис Родешпен кездеседі.