Қазақстандық тенисшілер ITF турнирінде үздік нәтиже көрсетті
Астанада "Дәулет" теннис орталығында 18 жасқа дейінгілер арасында бесінші санаттағы ITF Juniors турнирі мәресіне жетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі ҚТФ сайтына сілтеме жасап.
Астанада "Дәулет" теннис орталығында 18 жасқа дейінгілер арасында бесінші санаттағы ITF Juniors турнирі мәресіне жетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі ҚТФ сайтына сілтеме жасап.
Қыздар арасында қазақстандық Ульяна Романова жекелей сында үздік шықты. Романова финалда ресейлік Ксения Крупенинаны 6:3, 4:6, 6:2 есебімен тізе бүктірді.
Жұптық сында Әдемі Аманкелді мен Сати Әубәкірова ресейліктер Кристина Белкова – К.Крупенинадан айласын асырып, чемпион атанды – 6:2, 6:3.
Ұлдардан Ілияс Маратұлы абсолют жеңімпаз болды. Ол жекелей сында командаласы Кирилл Колгановтан басым түсті – 6:4, 6:3. Ал жұптық сында тағы бір қазақстандық Илья Ведмедьпен бірге соңғы бәсекеде отандастары К.Колганов – Виталий Зацепинді жеңді – 1:6, 6:1, 10:2.
Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласында аяқталған ITF World Tennis Tour W15 жарысында Аружан Сағындықова мен Жанель Рүстемова жұптық сында финалға дейін жетті. Олар шешуші бәсекеде доданың бірінші ракеткалары, қытайлық Тайбэй өкілдері Сунь Чо – Цен Чоға ғана есе жіберді – 1:6, 0:6.
Жарнама