Теннис
19 ақпан 10:02

Қазақстандық жас теннисшіге әкімдік былапыт сөздер айтқан

©IG Сағындықова

Қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова (WTA рейтингінде №865) әлеуметтік желідегі оқырмандарымен Ақтөбе қаласындағы аудандық әкімдіктің ресми сайтынан болған хейт туралы айтты, деп жазады Vesti.kz.

20 жастағы бұрымдыға әкімдік аккаунтынан оның сүйіктісі ресейлік Бар Бирюковтың намысына тиетін сөздерді оған жеткізіп бар деп бұйырыпты. 

"Бар Бирюков чертила, осыны жаттап ал да, оған да айтып бар. 5:2 есебімен тай-брейкте сол ғана ұтылады", - деп жазыпты "Астана" ауданы әкімдігінің ресми сайтынан. 

Бірнеше сағаттан кейін Сағындықованың наразылығына жауап келіпті. Онда әкімдік аккаунтын біреу бұзып кіргені жазылған екен. Алайда теннисшінің бұған күмәні бар, өйткені оған осы жазбалар келген кезде аккаунттан әкімдік жұмысына қатысты басқа жариялымдар жасалған. 

Айта кетейік, теннисшілер ұтылған кезде оларға әлеуметтік желі арқылы үнемі дүрсе қоятын хейттер жасалады. Көбіне бұл жағдай букмекерлік кеңседе бәсінен ұтылғандар тарапынан болады. Алайда осы жолғы хейттің ресми аккаунттан келуі бұрын-соңды болмаған жағдай. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport