Қазақстандық бұрымды теннисші жұптық сында Берлин турнирінің ширек финалына өтті
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 24-ракеткасы Анна Данилина Берлин WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 24-ракеткасы Анна Данилина Берлин WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген Анна Данилина мен қытайлық Сюй Ифань алғашқы айналымда германиялық Лаура Зигемунд – ресейлік Вера Звонаревамен шеберлік байқасты.
Қазақстандық-қытайлық жұп қарсыластарын 6:3, 6:1 есебімен оңай жеңді.
Бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған кездесу барысында Данилина мен Ифань 9 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ.
Қазақстандық-қытайлық дуэт жартылай финалға шығу үшін чехиялықтар Катерина Синякова – Маркета Вондрусовамен кезедеседі.
Жарнама