Қазақстанның бірінші ракеткасы 20 жастағы Елена Рыбакина Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингінде үздік он бестікке жақындады, деп хабарлайды Vesti.kz. Теннисші карьерасында алғаш рет 16-шы орынға көтеріліп, жеке рекордын жаңартты.
Бұл Қазақстан үшін жаңа рекорд.
Еліміз үшін ұзақ уақыт 25-ші орын рекорд болып келді, бұл сатыға 2012 жылы 29 қазанда Ярослава Шведова көтерілген.
Осыған дейін қазақстандық теннисшілерден ешкім 16-шы орынға жетпеді.
WTA рейтингінде көшбасшы Эшли Барти (Аустралия, 10075 ұпай), Арина Соболенко (Беларусь, 7720) және Каролина Плишкова (Чехия, 5315) екенін айта кетейік.
Еске салайық, US Open-2021 жарысында Рыбакина үшінші айналымға жетті.