Теннис
12 қыркүйек 2022 16:45

Қазақстан теннис құрамасы Дэвис кубогына дайындықты бастады

©ҚТФ

Қазақстан теннис құрамасы Дэвис кубогына дайындықты бастады, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі. 

Командалық әлем чемпионатының топтық кезеңі 13-18 қыркүйекте өтеді. Глазго (Шотландия) қаласында D тобында Ұлыбритания, АҚШ, Қазақстан және Нидерланды командалары сынға түседі.

Ұлыбритания королевасы ІІ Елизаветаның өліміне байланысты елде он күндік қаралы күн жарияланғаны мәлім. Хаттамаға сәйкес осы мерзімде барлық ойын-сауық және спорттық шаралар кейінге қалдырылуы тиіс. Алайда үкімет бұл шешімді жекелеген федерациялардың қарауына қалдырды. Ұлыбритания теннис қауымдастығы Глазгода Дэвис кубогының топтық кезеңі уақытында өтетінін хабарлады.

Тек Қазақстан мен корт иелерінің 18 қыркүйекке белгіленген матчы қашан болатыны әзір белгісіз болып тұр.

Егер ІІ Елизавета сол күні жерленсе, матч 19 қыркүйекке ауыстырылады.

Қазақстан ерлер командасы толық құрамда Глазгоға келіп, әзірлікті бастап кетті. Михаил Кукушкиннің айтуынша, әр команданың да ширек финалға шығуға мүмкіндігі бар.

"Күні бұрын айту қиын. Әр құрамада жекелей және жұптық сында күшті ойыншылар бар. Сондықтан барлық матчқа мықтап дайындалып жатырмыз. Бізде тәжірибе жеткілікті, барымызды саламыз", - деді Михаил Кукушкин.

"Біздің топқа күшті ойыншылары бар командалар түсті. Егер ұлыбританиялықтармен, нидерландылықтармен бұрын ойнасақ, Дэвис кубогының финалдық кезеңіне әлденеше рет қатысқан америкалықтармен алғаш рет кездеспекпіз. Әр матчта барлық шеберлігімізді көрсетіп, ширек финалға шығуға тырысамыз", - деді команда капитаны Юрий Щукин.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport