Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаны "Уимблдон" турнирінің финалына шығуымен құттықтады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Елена Рыбакинаны теннистегі ең беделді жарыс саналатын Уимблдон турнирінде табысты өнер көрсетуімен құттықтаймын. Ол финалға шықты!", - деп жазды Мемлекет басшысы твиттер парақшасында.
Еске салайық, Рыбакина жартылай финалда румыниялық Симона Халепті 6:3, 6:3 есебімен ұтты. Енді ол турнирдің финалында тунистік Унс Жабермен кездеседі.