Теннистен Қазақстанның қыздар құрамасы Астанада өтіп жатқан Федерация куобгының Азия және мұхит аймағы елдері арасындағы іріктеуде Тайланд құрамасынан үстем түсті, деп жазады Vesti.kz порталы.
Бұл екі құрама арасындағы теке-тіресте бірінші болып кортқа Галина Воскобоева мен Нича Лертпитаксинчай шығып, отандасымыз қарсыласын 6:1, 6:1 есебімен жеңді. Одан кейін еліміздің бірінші ракеткасы Юлия Путинцева Луксико Кумхуммен кездесіп, 6:1, 6:3 жеңіске жетті.
Осылайша Қазақстан құрамасының қыздары қарсыластарын уақытынан бұрын жеңіп, А тобында бірінші орын алды. Енді Федерация кубогының әлемдік кезеңіне шығу үшін біздің бұрымдылар В тобында топ жарған құрамамен сарапқа салады.

Жарнама