Теннис
21 сәуір 18:00

Қазақстан жасөспірімдері үстел теннисінен АЧ-ге жолдама жеңіп алды

©ҚР ҰОК

Алматыда үстел теннисінен Орталық Азия аймақтық іріктеу турнирі өз мәресіне жетті.

1-2 орын алған командалар 29-шы жастар арасындағы Азия чемпионатына жолдама жеңіп алды. Аталмыш дода биыл Ташкентте (Өзбекстан) өтеді.

Жарыс қорытындысы бойынша орындар төмендегідей бөлінді:

Жігіттер:

1. Иран

2. Қазақстан

3. Өзбекстан

4. Қырғызстан

Қыздар:

1. Иран

2. Өзбекстан

3. Қазақстан

4. Қырғызстан

Осылайша, Қазақстан жігіттер командасы Азия чемпионатына тікелей жолдама иеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport