Теннис
11 сәуір 08:59
 

Қазақстан әлем чемпионатына іріктеуде Аустралияны ұтты

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан әлем чемпионатына іріктеуде Аустралияны ұтты ©ҚР ҰОК

Қазақстан әйелдер құрамасы теннистен командалық әлем чемпионатының D тобының іріктеу кезеңінде Аустралия құрамасын жеңді.

blog.share

Қазақстан әйелдер құрамасы теннистен командалық әлем чемпионатының D тобының іріктеу кезеңінде Аустралия құрамасын жеңді.

Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 23-орын) Майя Джойнтпен (WTA – 78) болған кездесуде 6:2, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Жарыс тағдырын мерзімінен бұрын шешкен жеңісті Елена Рыбакина (WTA – 10) сыйлады. Ол Кимберли Биреллден (WTA – 61) 6:3, 7:6 (7:4) есебімен басым түсті.

Жарыс күнінің үшінші матчында Анна Данилина мен Жібек Құламбаева жұбы Сторм Хантер / Эллен Перес жұбына 3:6, 4:6 есебімен жол берді. Алайда бұл кездесу турнир кестесіне әсер етпеді.

11 сәуірде Билли Джин Кинг кубогында Қазақстан құрамасы Колумбиямен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!