Теннис
8 шілде 2022 15:29

"Еленаның мүмкіндігі бар!" Маман Рыбакинаның финалдық кездесуіне болжам жасады

©Reuters

Тennis.life порталының шолушысы Стефан Майлс Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында қазақстандық Елена Рыбакинаның Уимблдон турнирінің финалына қалай шыққаны туралы айтты. Сонымен қатар, ол әңгіме барысында финалдық ойынға да болжам жасады. 

"Бұл турнир сенсацияға толы болды. Елена Рыбакина финалға шыға алады деп ешқандай маман болжаған жоқ еді. Ол әрине жоғары деңгейлі теннисші. Бірақ ширек финалдан тоқтайтын шығар деді көбісі. Жоқ. Ол барлық қарсыласынан айласын асырып, финалға жетті. Енді Онс Жабермен ойын күтіп тұр. Тунистік теннисші әрине фоварит. Дегенмен финалдық ойындар басқа кездесулерге мүлде ұқсамайды. Менің ойымша, Рыбакинаның финалда жеңетін мүмкіндігі бар. Қалай десек те ол тамаша жетістікке қол жеткізді", - деді Майл. 

Айта кетейік, Уимблдон турнирінің финалындағы Рыбакина мен Онс Жабер арасындағы кездесу 9 шілде күні өтеді. Бұл ойынды тікелей эфирден мына жерден көре аласыздар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport