Елена Рыбакина WTA 250 турнирінің финалында ойнады
©РИА Новости/Алексей Филиппов
Қазақстандық Елена Рыбакина Порторожда (Словения) өтіп жатқан WTA 250 турнирінің финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық Елена Рыбакина Порторожда (Словения) өтіп жатқан WTA 250 турнирінің финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Шешуші кездесуде Уимблдон-2022 жеңімпазы чехиялық қарсыласы Катерина Синяковадан 7:6, 6:7, 4:6 есебімен ұтылды.
WTA рейтингінде 25-орында тұрған Рыбакина 180 рейтингтік ұпай мен 15 950 доллар еншіледі.
Рыбакина үшін келесі турнир Токиодағы (Жапония) жарыс болмақ. 20 қыркүйек таңертең өтетін алғашқы кездесуде қазақстандық теннисші ресейлік Людмила Самсоновамен ойнайды.
Жарнама