Теннис
27 қаңтар 2023 10:54
 

Елена Рыбакина топ-10 теннисшінің қатарына кірді

  Пікірлер

blog.share

Елена Рыбакина топ-10 теннисшінің қатарына кірді ©instagram.com/australianopen

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина карьерасында тұңғыш рет WTA рейтингісінде топ-10 теннисшінің қатарына енді, деп хабарлайды Massaget.kz.

blog.share

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина карьерасында тұңғыш рет WTA рейтингісінде топ-10 теннисшінің қатарына енді, деп хабарлайды Massaget.kz.

Қазақстандық теннисші Мельбурнде өтіп жатқан Australian Open жартылай финалында Беларусь өкілі Виктория Азаренконы жеңгеннен кейін Live-рейтингіде 10-орынға көтерілді.

Рыбакина Үлкен дулыға турнирінің финалында 1 300 ұпай жинады, қазіргі ұпайы 2 815 болды. Ол Аустралиядағы турнирге дейін 25-орында тұрды, ал карьерасындағы ең үздік нәтижесі 12-орын болды.

Енді теннисші Australian Open турнирінің финалында жеңсе, тағы 700 ұпай жинайды. Осылайша, Рыбакина 3 515 ұпаймен жеке рекордын жаңартып, 8-орынға көтеріледі.

Рыбакина турнирдің финалында Польша теннисшісі Магда Линетт және Беларусь спортшысы Арина Соболенко арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды. Матч 28 қаңтарға жоспарланған.

Еске салайық, 26 қаңтарда Елена Рыбакина Australian Open-2023 турнирінің финалына шықты. Спортшы 2022 жылы Уимблдонда тарихи жеңіске жетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!