Теннис
24 қыркүйек 2020 20:26

Елена Рыбакина Страсбургте өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына шықты

Елена Рыбакина. Фото: olympic.kz©
Қазақстанның бірінші нөмірлі ракеткасы Елена Рыбакина Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан WTA турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 


Ширек финалда отандасымыз қытайлық Чжан Шуай деген теннисшіні 6:3, 6:2 жеңді. Бұл кездесу бір сағат бір минутқа жалғасты. 

Енді жартылай финалда ол Нао Хибиноға қарсы өткізеді. Жапониялық теннисші екінші айналымда қазақстандық Зарина Диясты 7:5, 6:3 есебімен жеңсе, ширек финалда латвиялық Елена Остапенкодан 7:6, 7:6 есебімен үстем түсті. 

Бұл жартылай финалдық кездесу 25 қыркүйек күні өтеді.