Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Елена Рыбакина Мадрид WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады.
Жүлде қоры 6,5 млн еуродан асатын ірі жарыстың 16-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 93-орында тұрған франциялық Осеан Доденмен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда Елена екі брейк жасап, айқын басымдылық көрсетті – 6:2.
Тартысты өрбіген екінші сет те Рыбакинаның пайдасына шешілді – 7:5.
Бір сағат 20 минутқа созылған матчта қазақстандық теннисші 12 эйс жасап, 7 брейк-пойнтттың бесеуін өз есебіне жазды. Франциялық спортшы 4 эйс, 2 брейкпен шектелді.
Рыбакина үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 51-ракеткасы, чехиялық Катерина Синякова немесе рейтингте 66-сатыдағы хорватиялық Ана Конюхтың біреуімен таласады.