Теннис
18 наурыз 2022 02:39

Елена Рыбакина жүлде қоры 8,3 миллион турнирдің ширек финалына шыға алмады

©bukmekerov

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэлсінде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Ширек финалда жерлесіміз әлемнің алтыншы ракеткасы грекиялық Мария Саккариге жол берді. Есеп 5:7, 4:6. Өкінішке қарай, әлемнің жиырмасыншы ракеткасы алғашқы үш сетте 3:0 есебімен алға шыққанымен, артынша грек қызының мерейі үстем болды.

Тартысты кездесу бір сағат 38 минутқа созылды. Осы уақыт аралығында Рыбакина төрт мәрте эйс істеп, үш рет қосарлы қателік жасады. Осылайша, қос теннисші арасындағы есеп 1:0 болды.

Еске салайық, жыл сайын ұйымдастырылатын Индиан-Уэлс турнирінің биылғы жүлде қоры 8369 458 миллион АҚШ долларын құрайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport