Елена Рыбакина жарақатынан кейінгі алғашқы матчын өткізді
Қазақстаннің бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Мадридтегі WTA 1000 турниріндегі алғашқы матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстаннің бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Мадридтегі WTA 1000 турниріндегі алғашқы матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Елена Рыбакина ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге жапониялық теннисшілер Эна Сибахара мен Сюко Аоямамен ойнады.
Рыбакина мен Павлюченкова қарсыластарын 6:0, 6:1 есебімен ұтты.
Қазақстандық теннисші жекелей сындағы алғашқы матчы ертең, 28 сәуірге жоспарланған. Ол ресейлік Анна Калинсаямен ойнайды.
Айта кетейік, бұл - Рыбакинаның Германияның Штутгарт қаласындағы турнирде алған жарақатынан кейінгі алғашқы ойыны. Ол бұл турнирдің екінші айналымындағы матчын аяқтай алмаған еді.
Бүгін қазақстандық теннисші Юлия Путинцева бұл турнирдегі екінші кездесуін өткізеді. Ол 1/32 финалында франциялық Каролин Гарсиямен ойнайды.
Еске салайық, бұған дейін Александр Бублик Мадридтегі турнирінің 1/32 финалына өткенін хабарлаған едік. Ол алғашқы жеңісіне 3 сағатқа жуық уақыт жұмсады. Қазақстандық теннисші енді әлемнің 7-ракеткасы Хольгер Рунемен ойнайды.
Жарнама