Елена Рыбакина Берлиндегі жарысты жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Берлинде басталған WTA 500 жарысын жеңіспен бастады. Ол көгал кортындағы жылдың алғашқы ойынында ресейлік Вероника Кудерметовадан (#35) айласын асырды.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Берлинде басталған WTA 500 жарысын жеңіспен бастады. Ол көгал кортындағы жылдың алғашқы ойынында ресейлік Вероника Кудерметовадан (#35) айласын асырды.
1 сағат 36 минутқа созылған ойында 6:4 және 7:5 есебімен басым болып шықты. Жарыстың жүлде қоры 800 мың еуродан асады.
Елена келесі кезеңде әлемнің 19-ракеткасы, беларусь теннисшісі Виктория Азаренкомен кездеседі.
Жарнама