Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингін жария етті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингін жария етті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 16-дан 14-орынға көтерілді. Бұл оның спорттық жолындағы рекордтық көрсеткіші болып табылады. Юлия Путинцева 44-тен 42-сатыға жоғарыласа, Зарина Дияс үздік жүздікке қайта оралды. Қазір Зарина 98-орында келеді. Гөзал Айнитдинова 481-інші, Жібек Құламбаева 515-орында. Жұптық сында Рыбакина 49-орында қалса, Анна Данилина 79-сатыға көтерілді. Жібек Құламбаева (395) мен 16 жасар Дана Байдәулет (963) өз көрсеткіштерін жақсартып келеді.
Ерлер арасында АТР рейтингісінде Александр Бублик 36-орнында қалса, Дмитрий Попко 170-сатыда келеді. Михаил Кукушкин 177-ден 187-ге сырғыды. Тимофей Скатов 264-тен 262-ге жоғарылады. Денис Евсеев 393-орында. Бейбіт Жукаев бірден 25 саты көтеріліп, 724-орынға жайғасты. Жұптық сында Андрей Голубев 25-інші, Александр Недовесов 75-тен 72-сатыға шықты.
Жарнама