Теннис
22 ақпан 2021 09:54

Джокович Australian Open турнирінде рекорд орнатты

Сурет: baomoi.com

Әлемнің бірінші ракеткасы, сербиялық Новак Джокович теннистен Australian Open чемпионатында тоғызыншы рет жеңіп, рекорд жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Джокович турнирдің финалында ресейлік Даниил Медведевті 7:5, 6:2, 6:2 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 53 минутқа созылды.

 33 жастағы Джокович тоғызыншы рет Australian Open финалында ойнап, тоғызыншы рет жеңіске жетті. Осымен Джокович 18 рет "Үлкен дулыға" титулын алды.

Медведев Үлкен дулыға турнирінің финалында екінші рет ойнап, жеңе алмады. Бұған дейін ол US Open-2019-да испаниялық Рафаэль Надальдан жеңіліп қалған.