Теннис
30 қаңтар 2023 15:26
 

Джокович Australian Open чемпионатында жеңіске жетті

  Пікірлер

blog.share

Джокович Australian Open чемпионатында жеңіске жетті ©"Чемпионат"

Сербиялық теннисші Новак Джокович ерлер арасындағы Australian Open-2023 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Сербиялық теннисші Новак Джокович ерлер арасындағы Australian Open-2023 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қорытынды кездесуде Джокович әлемнің төртінші ракеткасы грек Стефанос Циципасты - 6:3, 7:6 (7:4), 7:6 (7:5) есебімен ұтты. Матч екі сағат 57 минутқа созылды.

Осы жеңісінің арқасында сербтер ATP рейтингінің бірінші қатарына оралады. Қазір 35 жастағы теннисші бесінші орында.

Айта кетейік, Джокович Australian Open чемпионатында оныншы рет жеңіске жетті. Ол сондай-ақ, Уимблдондa жеті рет, US Open чемпионатында үш рет және Францияның ашық чемпионатында екі рет жеңіске жеткен.

Сонымен қатар, сербиялық спортшы "Үлкен дулыға" турнирлеріндегі титулдар саны бойынша испаниялық Рафаэль Надальді қуып жетті. Екі теннисші де 22 ірі турнирде жеңіске жетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!