Теннис
8 ақпан 2018 16:30
 
Дияс пен Путинцева Федерация кубогінде Үндістан құрамасынан үстем түсті

  Пікірлер

blog.share

Дияс пен Путинцева Федерация кубогінде Үндістан құрамасынан үстем түсті Reuters©

Зарина Дияс пен Юлия Путинцева Федерация кубогінде тағы да жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Үндістан құрамасына қарсы өткен кездесуде кортка бірінші болып Зарина Дияс шығып, Карман Каур Тхандиден 6:3, 6:2 есебімен үстем түсті. Содан соң Юлия Путинцева Анкита Райна кездесті. Үш сетке созылған оййында отандасымыз 3:6, 6:1, 4:6 есебімен жеңіліп қалды. 

Ал шешуші жұптық сайыста Дияс пен Путинцева үндістандық Анкита Райна мен Прантхан Томбарга қарсы ойнады. Бұл ойыннын бірінші сетінде біздің теннисшілер 6:0 есебімен оңай жеңді. Екінші сетті біздің жұп бір ғана брейктің арқасында 6:4 есебімен айлаларын асырды. 

Бұл жеңістен кейін Қазақстан құрамасы "А" тобында жеке-дара бірінші орынға шықты. 

Айта кетейік, Федерация кубогінің Азия және Мұхит аймағындағы бірінші тобындағы ойындар Нью -Дели (Үндістан) қаласында өтіп жатыр. Доданың әлемдік тобының плей-офф кезеңіне шығуға жеті құрама таласып жатыр. Қазақстан құрамасы сапында Зарина Дияс, Юлия Путинцева,Гүзәл Айнитдинова және Жібек Құламбаева өнер көрсетеді.

Жеребенің қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасы "А" тобына түсті. Біздің құрама бұл топта Гонконгтан басқа Қытай және Үндістан құрамалары бар. "В" тобында Жапония, Өзбекстан, Тайланд, Оңтүстік Корея және Қытайлық Тайбэй құрамалы өнер көрсетеді. "А" және "В" тобының жеңімпаздары әлемдік топтың плей-офф кезеңіне шығатын жолдаманы сарапқа салады.

Жарнама

Живи спортом!