Теннис
18 тамыз 2022 19:03

Дэвис кубогінде ойнайтын Қазақстанның қарсыластары құрамын жариялады

©Reuters

Davis Cup Finals турнирін ұйымдастырушылар D тобында ойнайтын командалардың құрамын жария етті, деп хабарлайды Bassport.kz

Бұл топта Ұлыбритания, Қазақстан, Нидерланды және АҚШ құрамалары сынға түседі. Турнир 13-18 қыркүйек күндері Шотландияның Глазго қаласында өтеді.

Финалдық кезеңде өз елінің намысын қорғайтын спортшылар тізімі:

Ұлыбритания: Кэмерон Норри, Даниэль Эванс, Энди Маррей, Джо Солсбери.

Қазақстан: Александр Бублик, Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко, Андрей Голубев, Александр Недовесов.

Нидерланды: Ботик ван де Зандсхулп, Таллон Грикспор, Тим ван Рейтховен, Весли Колхов, Матве Мидделкоп.

АҚШ: Тейлор Фритц, Фрэнсис Тиафо, Томми Пол, Джек Сок, Раджив Рам.

Қазақстан құрамасы 13 қыркүйекте Нидерланд теннисшілерімен кездеседі. Матч елорда уақытымен сағат 21:00-де басталады.

15 қыркүйекте АҚШ-пен ойнайды. Басталуы – сағат 21:00.

18 қыркүйекте Ұлыбританиямен кортқа сағат 19:00-де шығады.

Дэвис кубогінің топтық кезеңі алғаш рет төрт қалада өтеді. Әр топтан екі үздік команда ширек финалға жолдама алады.

Плей-офф бәсекелері 23-27 қарашада Испанияның Малага қаласында өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport