Теннис
5 наурыз 2022 00:32

Дэвис кубогі: Қазақстандық Михаил Кукушкин бірінші кездесуде жеңіліп қалды

©ҚТФ

Норвегияның астанасы Осла қаласында Норвегия мен Қазақстан теннисшілері арасында Дэвис кубогі ойындары басталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Осло қаласындағы "Осло Теннис Арена" стадионында бірінші болып кортқа Қазақстанның екінші, әлемдік рейтингте 160-орында тұрған Михаил Кукушкин шықты. Оның қарсыласы Норвегияның бірінші нөмірлі, әлемдік рейтингте 8 сатыда тұрған Каспер Рууд болды. 

Бұл кездесудің бірінші сетінде Рудд Кукушкинге ешқандай мүмкіндік бермеді. Каспердің еншісінде екі брейк істейтін мүмкіндік болып, екеуін де сәтті  пайдаланып 6:1 есебімен жеңіске жетті. 

Екінші сетте Михаил біраз қауқар көрсетті. Бірақ сегізінші гейм барысында отандасымыз қарсыласқа тағы да брейк істеуге мүмкіндік беріп, 4:6 есебімен ұтылды. 

Матч жалпы бір сағат 14 минутқа созылды. Кездесу барсында Рууд 10 эйс, 2 қосар (дабл фол) және үш брейк істеді. Ал Кукшкин 2 эйс қана жасап, бір брейк істейтін мүмкіндігін пайдалана алмады. 

Енді екінші ойында Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Александр Бублик Норвегияның екінші нөмірлі Виктор Дурасовичке қарсы ойнайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport